logo
10 апреля 2024
ҚӘЧ-2024. Қыздар құрамасы Исландияны ойсырата жеңді

IIB дивизионындағы хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші матчын Қазақстан қыздар құрамасы Исландия құрамасына қарсы өткізді. Біздің хоккейшілер матчтың алғашқы минуттарынан бастап бақылауды қолға алып, алғашқы жиырма минутта қарсыластардың қақпасына бес жауапсыз шайба лақтырды. Екінші кезеңде қазақстандықтар тағы екі гол соқты. Матчтың қалған уақытында қарсылас екі шайбаның есесін қайтарды. Қорытынды-7:2, біздің қыздар турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болып Мунира Саяхатқызы танылды.

Қазақстан – Исландия – 7:2 (5:0, 2:1, 0:1)

1:0 – 01:18 – Куценко (Филимонова)

2:0 – 05:29 – Саяхатқызы Д. (Дубровская, Саяхатқызы М.)

3:0 – 11:19 – Саяхатқызы М. (Оразбаева, Шегай)

4:0 – 14:24 – Шегай

5:0 – 19:56 - Фельзинк (Воронова)

6:0 – 23:06 – Саяхатқызы М. (Оразбаева)

7:0 – 33:08 – Оразбаева (Саяхатқызы М.)

7:1 – 36:22 – Мерфи (Бьярнадоттир)

7:2 – 42:58 – Бьорнсдоттир (Йоханссдоттир, Гардарсдоттир)

Қақпашылар: Щеколова – Хелгудоттер (Бахман, 20:00 – 40:00)

Александр Тебеньковтың ойыншылары келесі матчты ертең 11 сәуірде Бельгия командасына қарсы өткізеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ