logo
24 января 2024
ЖОО-2024. Жартылай финалда жеңіліске ұшырадық
Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының 3х3 хоккей турнирінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы турнир кестесінің көшбасшысы – Латвия командасымен кездесті. Қарсылас біліктілік кезеңін жеңіліссіз өткізіп, осы ойында алғашқы минуттардан бастап бақылауды өз қолында ұстап, бірінші кезеңде 9 шайба салды. Екінші кезеңде қос команда да екі голдан салды, алайда үшінші кезеңде Латвия өкілдері ойсырата жеңіп, есепті 19:6 етті.

Латвия - Қазақстан - 19:6 (9:1, 2:2, 8:3)

Осылайша, біздің жасөспірімдер үшінші орын үшін матчтың қола медальдары үшін тартысады. Қарсылас Австрия мен Дания арасындағы жартылай финалдың қорытындысы бойынша анықталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ