logo
30 января 2024
«Эмоциямызды сөзбен жеткізу мүмкін емес». Жасөспірімдер Олимпиадасының қорытындысы, ойыншылардың пікірі

Кореялық Канвондағы Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары аяқталуға таяды, өткен аптада 3х3 (U16) хоккей командасы үйге олимпиадалық «қоламен» оралды. Бұл Қазақстан командасының ЖОО-2024 бойынша жалпы медаль санағындағы үшінші медалі.

Біздің жасөспірімдер біліктілік кезеңінде 7 матч өткізіп, онда Польша, Испания, Ұлыбритания және Тайпейге қарсы ойындарда төрт рет жеңіске жетті, ал Латвиядан, Дания мен Австриядан жеңілді. Кестеде төртінші орын алған Рамазан Кайдаровтың ойыншылары Польшамен теңдей 12 ұпай жинап, жартылай финалға шықты. Алайда жекпе-жектегі жеңістің арқасында плей-оффқа қазақстандық хоккейшілер өтті. Өкінішке орай, финалға шығу үшін біздің жасөспірімдер кестенің көшбасшысы – Латвия командасына есе жіберді. «Қола» үшін ойында біздің құрама минималды есеп айырмашылығымен жеңілді. Есеп – 6:5. 3х3 турнирінің чемпиондары латвиялықтар болды, даниялықтар «күміспен» қайтты.

Турнир барысында біздің жасөспірімдер жалпы саны 104 гол салды, бұл ретте 83 шайба өткізді. Айтып өтетін жайт, командалар мұндай форматтағы турнирге алғаш рет қатысты, ол ЖОО бағдарламасына биылдан бері енгізіліп отыр. Матчтар кросс-айс форматында алаңның жартысында өтеді. Бір қызығы, екі ойын қатарынан жүріп жатады. Өтінімде 13 ойыншы бар – екі қақпашы және 11 алаң ойыншысы. Ауысымға үш алаң ойыншысы – екі шабуылшы мен бір қорғаушы шығады. Олимпиадалық турнир аясындағы үш кезең 16 минуттан жүріп, арасында екі минуттық үзіліс болады

«Өте қызықты формат, - деп өз әсерімен қола жүлдегер Таир Бигаринов бөлісті, - көп гол салынды, алайда көп өткізілді де. Қызықты матчтар, мықты қарсыластар. Жеңе алғанымызға қуаныштымыз, бапкерімізге алғыс айтамыз. Үшінші орынды анықтайтын матчтың соңғы минуттарында тікеңнен тік тұрып, аяқты қолда ұстау қиын болды. Ысқырықтан кейін жеңгенімізге сен алмадық. Эмоциямызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бізді көп адам қарады, нағыз олимпиадалық ойындар екені сезілді, бүкіл ел сеніп отыр, ұятқа қалдыруға болмайды», - деді 3х3 жасөспірімдер құрамасының капитаны.

Жиындарға команда Кореяға ұшуға бір апта қалғанда жиналды, бапкерлер штабының айтуынша, бұл форматқа «Барыс-2008» жаттығуларында көңіл бөлінген. Негізгі құрамда ойнаған қақпашы Арсений Кучковскийге көп салмақ түсті. Алаң кеңістігінің шағындығы еркін маневрге мүмкіндік бермейді, алайда кез келген жерден лақтыруға мүмкіндік береді.

«Уақыт аз болды, турнирге жылдам дайындалдық, бапкерлер штабы бағдарлама әзірледі, 3х3-ке жаттықтық. Өте ерекше, әсіресе, алғашқы ойындар шаршадық, ережелерге, өткізілу форматына үйренісу қиын. Турнир соңына қарай жинақталдық, қалай ойнау керектігін түсіндік, әрі қарай барлығы жеңілдеді. Қызықты, алайда шаршататын формат. Тек физикалық тұрғыдан емес, моральдық тұрғыдан да қиын болды. Күніне екі ойыннан, қатарынан ойнадық. Тырысып-бақтық. Австриямен ойынның соңғы минуттарында ауыр болды, бас та айналды, ыстық та көтерілді, алайда тырысып, қола медальдарды жеңіп алдық».

Қола жүлдегерлер құрамында 16 жастан аспайтын 2008 жылы туылған ойыншылар бар. Ойыншылардың көпшілігі және бапкерлер штабы Қазақстан чемпионатында ғана емес, ресейлік біріншілікте өнер көрсететін «Барыс» БЖСМ-дан. Мұнан басқа, команда да мұхит асып жүр, Солтүстік Америкаға өткен жылғы сапарда осы жастағы бірнеше ойын көзге түсіп, биылғы маусымда сонда ойнауға аттанды. Бұл жігіттердің екеуі олимпиадалық жасөспірімдер құрамасына енді. Олар – Бексұлтан Мақыш (Бостон академиясы) пен Арман Төлен (Кливленд Баронс). Кореядан оралғаннан кейін ойыншылар өз командаларына маусымды жалғастыруға кетті.

Астана әуежайында қол жүлдегерлерді салтанатты түрде әнмен, дәстүрлі шашумен қарсы алды. Чемпиондарды құттықтауға тек ата-аналар мен жанкүйерлер ғана емес, сондай-ақ «Барыс», Қазақстанның хоккей федерациясы мен спорт министрлігінің өкілдері жиналды.

 


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ